Референдумға қатысу – азаматтық борышымыз.
Құрметті жастар және студенттер, сіздерді 5-ші маусымда өтетін Президентіміз ұсынған Конституциямызға өзгертулер енгізу туралы референдумға қатысуға шақырамын. Халық өз тағдырын өзі шешетіндей еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар.
Бұл – ауқымды өзгеріс, ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Жаңа Қазақстанның болашағы үшін референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасайық. Бұл – біздің азаматтық, осы елдің перзенті ретіндегі борышымыз. Ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайық!
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі»
мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Садакбаев Руслан Жусипбекұлы