Құрметті жастар және студенттер

Июн 1, 2022 | Нет комментариев

Референдумға  қатысу – азаматтық борышымыз.

Құрметті жастар және студенттер, сіздерді  5-ші маусымда өтетін Президентіміз ұсынған Конституциямызға өзгертулер енгізу туралы референдумға қатысуға шақырамын.  Халық өз тағдырын өзі шешетіндей еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар.

Бұл —  ауқымды өзгеріс, ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Жаңа Қазақстанның болашағы үшін референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасайық. Бұл —  біздің азаматтық, осы елдің перзенті ретіндегі  борышымыз. Ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайық!

«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі»
мекемесі  директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:  Садакбаев Руслан Жусипбекұлы