Облыстық семинар өтті

Мам 17, 2023 | 0 comments

16 мамырда Меңдіқара ауданының білім бөлімінің Соснов жалпы білім беретін мектебінің базасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы тиімді тәсілдер» облыстық семинар өтті.

Аталған семинарға білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Спикерлер ретінде облыстық және аудандық құрылымдардың басшылары сөз сөйледі.