Іс-шара форматы – қатысушылар оқыған кітаптар мазмұны бойынша карточкалық сұрақтармен командалық сайыс. Студенттер сұхбат кітаптардың мазмұны негізінде өтетінін білген. Талқыланған кітаптар: «Хатико» – Луис Пратс, «Біздің отбасы» – Б. Момышұлы, «Абай жолы» – М. Әуезов, «Икигай» – Кен Моги, «Атомдық әдеттер» – Дж. Клир. Балалар оқығандарын жақсы меңгергенін көрсетті, ойланып жауап берді, мысалдар келтіріп, даулы сәттерді бірге талқылады. Жұмыс атмосферасы белсенді әрі қызықты болды.
Жоба жалғасуда! Алда – жаңа кітаптар, жаңа кездесулер мен жаңалықтар!