Қостанай әлеуметтік техникалық колледжінің кітапханасында қазақстандық көрнекті жазушысы Морис Симашконың 100 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.
Морис Симашко – әйгілі қазақстандық прозаик, сценарист, драматург, Орталық Азияның тарихы тақырыптарындағы көптеген еңбектердің авторы. Морис Давидовичтің таланты жан-жақты болды. Симашконың отандық әдебиетке қосқан ең құнды үлесі оның қазақ авторлары Ілияс Есенберлин, Ғабит Мүсірепов, Дүкенбай Досжанның аудармалары болып табылады. Оның сценарийлері бойынша 10-ға жуық фильм түсірілді. Ол Батыста ең көп аударылған қазақстандық жазушысы болды, Францияда оны «Шығысты ашқан Морис Симашко» деп атаған», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кітап көрмесімен танысқан студенттер мен қызметкерлер атақты жазушының кітаптарының беттерін қайта ашады.