«Менің үй кітапханам» бейне сайысы

Жел 20, 2023 | 0 comments

«Оқуға құштар  колледж» тұжырымдамасы аясында 2023 жылдың 19 желтоқсанында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Менің үй кітапханам» бейнероликтер байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаттары:

  • отбасының рухани өмірінің маңызды факторлары ретінде кітап пен кітап оқуды насихаттау;
  • кітап және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
  • кітапты отбасылық демалыстың объектісі ретінде танымал ету.

Байқауға қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарына шолу жасай отырып, өздерінің үй кітапханалары туралы әңгімеледі.

  Байқау қорытындысы: 1 орындыДТж-01Б тобының студенті Белова Анастасия, (кураторы Тоқбаева Ғалия Қапаровна);

2 орын – ПО-01 тобының студенті Вагабов Супьян (кураторы  Ягалеева Амина Шаймұратқызы);

3 орын – Михальченко Яна, Право-01 тобының студенті (орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тюлендина Аманкүл Ермановна ).                                    Жүлделі орындарға ие болған студенттер 1 семестр қорытындысына арналған салтанатты шарада сертификаттармен марапатталады.

Барлығына қатысқандары үшін алғыс айтамыз және барлық қатысушыларға кітапхана іс-шараларына жаңа табыстар тілейміз