«Мен оқыдым және сізге кеңес беремін» бейнероликтер байқауы

Қыр 25, 2023 | 0 comments

 2023 жылғы 21 қыркүйекте Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі кітапханасының оқу залында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Гаврилюк Елена Петровна, аға кітапханашы Бекентаева Айман Кожаковна және информатика пәнінің оқытушысы Федосеенко Евгений Владимирович құрамында қазылар алқасының мүшелері колледж бөлімшелері конкурсқа ұсынған бейнероликтерді қарады. Бұл колледждің 3 бөлімі студенттерінің жұмыстары болды. Техникалық бөлім атынан: Карамесов Қанат, ПО-02 тобының студенті ( куратор Камбаров Рашид Мағауияұлы), Бейсенова Данагүл және Двинянина Виктория –ЭжПД-01 (куратор Борискина Виктория Петровна), және экономикалық бөлімі   ПД-01 тобының студенттерінің жұмыстарын ұсынды.Олар: Ажмаканова Жанель, Евич Ольга, Жұмабаева Алпысгүл, Саметова Даяна, Смағұлова Әлия, Чемоданова Елизавета, Шилова Ксения (куратор Утағалиева Мадина Сагитовна) және  Ксения Крупинаның жұмысы ( БиСД-01, куратор  Успанова Айгүл Сақтағановна). Дене шынықтыру және спорт бөлімін ДТжС-01А тобының 1 курс студенттері Зебольд Ольга және Быков Михаил                        ( куратор Әсел Әділбекқызы Сәрсекеева) ұсынды. Талқылаудан кейін қазылар алқасы өз шешімін шығарды. 1 орын бірауыздан Зебольд Ольгаға , ДТжС-01А -01 тобының студенті  және ПД-01 тобының студенттері Жанель Ажмакановаға, Ольга Евичке, Алпысгүл Жұмабаеваға, Даяна Саметоваға, Әлия Смағұловаға, Елизавета Чемодановаға, Ксения Шиловаға берілді. 2 орын Бейсенова Данагүл, Двинянина Виктория, ЭиПД-02 тобының студенттері және Крупина Ксения, БиСД-01  тобының студенттеріне берілді.

Қарамесов Қанат , По-02 топтың студенті және ДТжС-01А тобының студенті Быков Михаил  3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды , олардың кураторларын құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!  Барлығына қатысқаныңыз үшін  көп  рахмет!