Конституциядағы түзетудерді енгізу

Мам 20, 2022 | 0 comments

Қазақстан Конституциясына  реверендумға ұсынылған өзгерістердің ммәтіні ұсынылды – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Статья 1: 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының  Конституциясына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 4-баптың 1-тармағындағы «кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын.
  2. 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда эазылсын:

«Жержәне оның қойнауы, су, өсімдіңтер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халық меншігінде. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда  белгіленген негіздер, шарттар және шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

  1. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

« Адамды өмірден озбырлықпен айыруға ешкімнің қақысы жоқ. Өлім жазасына  тыйым салынады.»

  1. 23-баптың 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

« Конститциялық соттың, Жоғарғы Соттың және басқа да соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Республика Жоғарғы Есеп палатасының төрағалары мен мұшелері, әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының,  құқық қорғау  органдарының қызметкерлері саяси партиялардың мүшесі болмауы, кәсіподақтар, кез-келген саяси партияны қолдауға тыйым салынады.»

  1. 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіпті еркін таңдауға құқығы бар. Мәжбүрлі еңбекке тек  қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптау туралы  сот актісі негізінде немесе төтенше жағдайда жол беріледі»

  1. 42-бабында
  • 2-тармақта мынадай редакция жазылсын:

«Ант қаңтардың екінші сәрсенбісінде салтанатты жағдайда прмаент депутаттарының, Конституциялық соттың, Жоғарғы Соттың судьяларының, сондай-ақ республиканың экс-президенттерінің қатысуымен қабылданады. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда  Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде ант береді.»

  • 5-тармақтың екінші бөлігі алынсын.
  1. 43-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4 – тармақтарымен толықтырылсын:

«3.Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияның мүшесі болмауы керек.

4.Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер, квазимемлекеттік секторы субьектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ.»