Жыл сайын қыркүйек және қазан айларында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапханасында атаулы даталарға: Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған көрмелер өтеді. Ыбырай Алтынсариннің педагогикаға, тіл біліміне, көркем әдебиетке, этнографияға қосқан үлесі орасан. Ол Ушинский мен Толстойдың педагогикалық мұрасымен таныстырды. Ахмет Байтұрсынов – қазақтың ұлы ақыны, әдебиеттанушы- ғалым, түркітанушы, публицист, ұстаз, аудармашы және қоғам қайраткері, 20 ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі, Алашорда билігінің мүшесі. Осы екі ұлы ағартушы, жазушы, мемлекет қайраткерінің есімдері әрбір қостанайлыққа белгілі.
Балалар Ахмет Байтұрсынов пен Ы.Алтынсаринге арналған көрмені үлкен қызығушылықпен тамашалады. Ы.Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген сұрақтар қойылған «Көркем көшбасшы» әдеби байқауға қатысты. Сонымен қатар, жыл сайынғы әдеби ойындарда «Не? Қайда? Қашан?» , «Менің қалам» викторинасында әрқашан ұлы жерлестеріміздің шығармашылық қызметіне қатысты сұрақтар болады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін дамытады.