Көрісу күні — Амал мерекесі! Наурыздың басы — Көрісу күні құтты болсын! 🌱

Нау 14, 2026

Бұл күн — өкпе-ренішті ұмытып, ағайынмен қауышатын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше сәт. Біздің колледжде «Көрісу» тек қол алысу емес, бұл — достықтың, білімге деген ортақ құштарлықтың және бірліктің белгісі.

Бір-бірімізге «Жасың құтты болсын!» деп, ақ тілек арнайық. Биылғы жыл әр студент пен оқытушы үшін жаңа белестер мен жарқын мүмкіндіктер жылы болсын!

✨ Колледж дәлізінде кездескенде күлімсіреп, қол алысуды ұмытпаңыздар!