Іс-шара «куратор не оқиды?»

Нау 18, 2024 | 0 comments

Куратор не оқиды?

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Оқуға құштар  колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткен шара осылай аталды. Студенттердің кураторларымен кездесуі 2024 жылдың 14 наурызында кітапхананың оқу залында өтті. Студенттермен кездесуге кураторлар Абишева Әлия Имашқызы, Измагилова Сабина Сайлауқызы, Қамбаров Рашид Мағауияұлы, Сарсекеева Әсел  Әбдібекқызы, Шегреева Жұлдыз Қайырлыханқызы, Хасанов Азамат Сұлтанұлы келді. Кураторлар әдебиет таңдауда өз қалаулары туралы айтты. Әлия Имашқызы қазақ көркем әдебиетін оқуға тоқталып қана қоймай, алдағы Наурыз мерекесін тойлаудағы өзгерістер туралы да баяндады.

Измагилова Сабина Сайлауовна оқушыларды әлемді жақсы түсінуге, талдау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорларын байытып, өзіндік шығармашылыққа шабыт табуға мүмкіндік беретін классикалық әдебиетті оқуға шақырды. Хасанов Азамат Сұлтанұлы адамның білімін толықтырып, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін әдебиетті дұрыс таңдай білудің маңыздылығын атап өтті. Кураторлар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, студенттерге қызықты кітапты таңдау және табу бойынша кеңестер берді. Балалар тәлімгерлерін тыңдап қана қоймай, кітап оқу тәжірибесімен бөлісті. Әңгіме көркем әдебиет пен ғылыми әдебиетке қызығушылық танытқан достық жағдайда өтті. Қорытындылай келе, кітапхана белсенділері Әнуар Асқаров пен Лео Кнауц гитарамен ән орындады. Барлықтарыңызға қатысқандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше!