«Дене шынықтыру және спорт» онкүндігі аясында бөлімдер арасында көптен күткен волейбол турнирі өтті! 🏐

Ақп 3, 2026

Тәлімгерлер — Е.Б. Жүсіпов пен Р.А. Мельниктің жетекшілігімен волейбол алаңы нағыз спорттық шайқас алаңына айналды. Ойын өте тартысты өтіп, жанкүйерлерді соңғы ұпайға дейін толқыныста ұстады!
Біздің жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлеріміз:
* 🏆 I орын — “Дене тәрбиесі және спорт”бөлімі (көшбасшылық мәртебесін дәлелдеді!);
* 🥈 II орын — “Экономика, басқару және құқық” бөлімі;
* 🥉 III орын — Техникалық бөлім.
Жігіттерді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жеңіске деген ерік-жігері мен әдемі ойыны үшін алғыс айтамыз! Сәттілік, жарайсыңдар! 🔥