Болашақ шекарашылар: Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжіндегі маңызды кездесу 🛡️

Қаң 27, 2026

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және оларды Отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру мақсатында біздің колледжде ерекше кездесу өтті.

Қонақта — Күршім ауданы бойынша Шекара басқармасының (2535 әскери бөлімі) өкілі, барлаушы, ефрейтор Роман Владимирович Бондарчук.

Кездесу барысында студенттерге келесі маңызды ақпараттар берілді: ✅ Әскери қызметтің артықшылықтары мен әлеуметтік кепілдіктері; ✅ Әскери және өзге де құқық қорғау органдарына түсу тәртібі; ✅ Шекара қызметінің ерекшеліктері мен Отанды қорғаудың маңыздылығы.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нағыз маманнан тұщымды жауаптар алды. Бұл шара жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, болашақ мамандықты таңдауға септігін тигізері сөзсіз.

📍 Біздің таңдауымыз — қауіпсіз ел және мықты армия!