Әріптестеріміздің бірінің идеясына бірі «қанаттанып», заманауи оқытудың өзекті сұрақтарына жауап тапқанын көру нағыз шабыт сыйлады. Бұл күн тағы бір мәрте дәлелдеді: шығармашылық – бұл жай ғана шабыт емес, бұл біздің кәсіби қоғамдастықты дамытудың қуатты құралы.
Шығармашылық идеялар аукционы әр педагогке біртұтас инновациялық процестің бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Бұл – өзіңді танытудың, әріптестеріңнен сыни тұрғыда қолдау алудың және кәсіби қоржыныңды «алтын» әдістемелік шешімдермен толықтырудың бірегей мүмкіндігі».