2025 жылғы 6 қарашада Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде қаржылық қауіпсіздікке және заңнамалық өзгерістерге арналған маңызды профилактикалық іс-шара өтті.

Қар 11, 2025

Студенттер алдында келесі тұлғалар сөз сөйледі:
• «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Шыгебаев Мейрам Мәдиұлы
• Қостанай облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Рахметов Жанбек Жұмабекұлы.
Спикерлер үш негізгі тақырыпқа баса назар аударды: қаржылық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және ҚР ҚК 232-1-бабын (Дропперлік) түсіндіру. Капитан Ж.Ж. Рахметов өз карталарын алаяқтарға берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ақпаратты жеткізді, ал банк өкілі М.М. Шыгебаев шоттарды бұзудан қалай қорғау керектігін айтты. Іс-шара жастардың цифрлық және қаржылық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.