Әлем біріншілігінде жоғары нәтиже көрсеткен Сергей Пирко — «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің 2 курс студенті, ол жарыста құрметті 2-орынды иеленді.
2001–2008 жылдары туған спортшылар арасындағы жас санатында өнер көрсеткен Сергей жоғары дайындық деңгейін, сенімді техникасын, мықты мінезі мен шынайы спорттық рухын танытып, өз елінің абыройын халықаралық аренада лайықты қорғады.
Бұл жетістік — спортшының табанды еңбегі, тәртібі мен мақсаткерлігінің нәтижесі. Сергейдің жеңісі — табандылық пен алға қойған мақсатқа ұмтылудың үлкен жетістіктерге жеткізетінінің жарқын дәлелі.
Сергей Пирконы лайықты жүлдесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жеңістер, биік спорттық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!