2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 11:00-деҚазақстан Республикасында Жаңару күні аясында күйлерді бір мезетте орындау бойынша республикалық акция өтті.

Нау 19, 2026

🎶 Елдің барлық мектептерінде, қосымша білім беру ұйымдарында және колледждерінде қазақтың ұлттық өнер туындылары шырқалды. Репертуарда «Тепеңкек», «Елкисса», «Ерке сылқым», «Қороғлы», «Көксерке» және басқа да күйлер орындалды.

✨ Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері де бұл бастаманы қолдап, акцияға белсенді қатысты. Колледж домбырашысы күйлер орындап, ұлттық рухты, мәдениет пен дәстүрді насихаттады.

🎵 Іс-шара бірлік пен жаңарудың, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болып, ұлттық музыкалық мұраны дәріптеуге өз үлесін қосты.