2025 жылдың 26 қарашасында «Заң және тәртіп» қағидаттары аясында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының орынбасары, полиция майоры Мағыпаров Олжас Асылханұлымен кездесу өтті.

Қар 26, 2025

Кездесу тақырыбы: «Киберқылмыс және интернет алаяқтық профилактикасы».

Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілі, полиция майоры Олжас Асылханұлы колледж оқытушылары мен студенттеріне осы тақырып бойынша өте толық және жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.