🎯 Негізгі мақсат: құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық қорғау органдарымен өзара ынтымақтастықты нығайту.
🔥 Не болды?
• Негізгі мамандардың сөз сөйлеуі: Қостанай қаласы прокуратурасының өкілі Пряхина Н.Б., полиция басқармасынан Зарлыков А.О., Масакбаев А.К. — кибералаяқтық пен дропперлік туралы, Сексенова А.К. — есірткі қылмыстары жайлы баяндады.
• Практикалық көрсетілімдер:
– Криминалистер сараптамалардың қалай жүргізілетінін көрсетті 🔬
– Кинологтар қызметтік иттердің жұмысын паш етті 🐕
– СОБР арнайы бөлімшесінің қызметкерлері күрес пен ұстау тәсілдерін көрсетті 🥋
Колледж студенттері мен №5 мектеп және Первомай орта мектебінің оқушылары қылмыстық жауапкершіліктің бұлтартпастығы мен Заңды сақтау маңызын айқын түсінді.
Осындай іс-шаралар – тәртіпке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратын ең тиімді тәрбиелік алаң!