14 ақпан – халықаралық кітап сыйға тарту күні

Ақп 16, 2024 | 0 comments

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Мұқтаждарға кітап сыйла» акциясын өткізу дәстүрге айналды. Жаңа келген  2024 жыл да солай болды. Ай басынан бері оқытушылар мен студенттер кітаптарды кітапханаға әкелді, ал 14 ақпанда жиналған кітаптар «Жанұя» отбасылық үйінің тәрбиеленушілеріне сыйға тартылды. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Зәуре Баяділқызы Әубәкірова өзінің жеке кітапханасынан 10 көлемді танымдық кітап: екі томдық «5-10 сынып оқушысының анықтамалығы», «Қыздар үшін үлкен кітап», «Әйел өмірі мен денсаулығы» және т.б. Балаларға арналған  кітаптарды (Агния Барто, Константин Паустовский, Михаил Пришвин, Самуил Маршак )  дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Понятова Марина Геннадьевна  алып келді. Қоғамдық пәндер педагогтары Тоқбаева Ғалия Қапарқызы, Жұмасаева Сәния Төлегенқызы, экономикалық және техникалық бөлімдерінің арнайы пәндер оқытушылары Тоқбаева Самал Мырзабекқызы, Кислица Ирина Николаевна, биология пәнінің оқытушысы Успанова Айгүл Сақтағанқызы да қалыс қалмады. Балалармен үлкен түсіндіру жұмыстарын Әбішева Әлия Имашқызы (ФКиС-01А тобы), Өтағалиева Мәдина Сағитқызы (ПД-01 тобы), Борискина Виктория Петровна (ЭС-01 тобы) жүргізді.

Аса бесенділік көрсеткен  ФКиС-01А тобының студенттері Иржанов Альфат Ильф пен Петровтың 2 кітабын, Быков Михаил- «Детская энциклопедия» кітабын, Воропаев Кирилл «История с Волли»  деген журналдың үшжылдық  жарық көрген басылымының  жинағын  , Жұмабеков Батыржан «Первая энциклопедя для тех, кто уже читает» және Балан Тимур  «Новогодние приключения игрушек» деген кітаптарды сыйлады.

«ПД-01» тобының студенттері Әлия Смағұлова, Ольга Евич және Жанель Ажмаканова балаларға кітап әкеліп қана қоймай, «Жанұя» балаларына арнап «Бәрі кітап туралы» викторинасын өткізді.                             

«Жанұя» отбасына бізбен бірге Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері мен биология кафедрасының меңгерушісі Баян Ғалиосқарқызы Мұнарбаева да барды. Олар балаларға арналған ойындар ұйымдастырды. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтті. Балалар  игі іске атсалысып жүргендерін мақтанышпен, терең қанағат сезімімен колледжге оралды.