🚫 Өмір ойын емес: ҚСТК студенттері «Закладка» фильмін тамашаладыКолледжімізде «Закладка» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Бұл — есірткі мен оңай олжаның кесірінен тағдыры талқандалған жандардың шынайы әрі ауыр хикаялары.

Ақп 12, 2026

Студенттеріміздің түйген ойлары: 🔹 Интернеттегі «оңай ақша» — темір торға апаратын төте жол. 🔹 Наркотәуелділік санаулы айлардың ішінде адам өмірін құртады. 🔹 Біз салауатты болашақ пен саналы таңдауды қолдаймыз.

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында студенттеріміз бейнешолу түсіріп, фильмнен алған әсерлерімен бөлісті. Видеоларды карусельден көре аласыздар ➡️

Өзіңізді сақтаңыз және дұрыс таңдау жасаңыз! ✊