Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері баршаңызды шын жүректен келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! 2026 жыл жаңа мүмкіндіктерге, асқақ армандарға бастайтын нық қадамдарға, кәсіби өсу мен жеке жетістіктерге толы жыл болсын.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, шабыт, тың идеялар мен өз күшіңізге деген сенім тілейміз. Әр күніңіз білімге, жағымды оқиғаларға, жақын жандардың қолдауына және жеткен жетістіктеріңіздің қуанышына толы болсын. Жаңа жылда мақтан тұтар сәттер, жарқын жеңістер мен шаттықты күндер көп болғай!
Ізгі тілекпен —
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері 🎓✨