Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығын қорғауға арналған дәріс-семинар өтті.
Шара спикерлері: Қостанай қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорлары — Кастай Адижан Амиржанұлы және Пряхина Нурсулу Байконысовна.
Кездесуде талқыланған тақырыптар:
• кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі;
• қауіпті интернет-қоғамдастықтар;
• кибербуллинг;
• интимдік контенттің таралуы;
• қайда жүгіну керектігі.
Студенттерге заң нормалары, жауапкершілік шаралары және қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.
Мұндай шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыра отырып, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.