«Әдібай Табылдиевке – 100 жыл» ауызша журналы

Ақп 6, 2026

2026 жылдың 6 ақпанында Костанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапхана оқу залында «Әдібай Табылдиевке – 100 жыл» атты ауызша журнал өтті. Іс-шара белгілі мемлекет қайраткері, педагог, жазушы, ақын Әдібай Табылдиевтің 100 жыл толуына арналды.

Қатысушылар оның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты: Жамбыл облысының тумасы, педагогикалық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Алаш» сыйлығының лауреаты (псевдоним – Дулат). 31-ден астам балалар кітабының, 400-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Өлеңдері, әңгімелері, пьесалары  ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосады.

Әдібай Табылдиевтің мұрасы – ұлттық құндылықтар мен патриотизмді насихаттау.