Экскурсияның мақсаты – құқыққа қарсы әрекеттердің теріс салдарын көрнекі түрде көрсету болды.
Іс-шара Қостанай қалалық ПБ УҰИ бастығының орынбасары, полиция майоры Айтқожин Дәулет Балтабайұлының жетекшілігімен, УҰИ кезекші инспекторы Серік Дархан Абылайұлының қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді. Студенттер УҰИ-дағы ұстау шарттарымен және режимімен танысып, заңды сақтаудың және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің маңыздылығы туралы маңызды тәрбиелік сабақ алды.