Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында өткен республикалық турнирге қатысып, өзіміздің туған қаламыз Қостанайдың балаларына қолдау көрсетті.

Қаз 18, 2025

Студенттер сайысты тамашалау үшін ғана емес, жас қатысушыларға дем беріп, көңіл сыйлау үшін келді. 🌈
Бұл күн есте қалуы үшін студенттер балаларға шағын сыйлықтар мен тәттілер табыстап, олардың көңіл-күйін көтерді.

Осындай кездесулер мейірім мен жанашырлықты, адамгершілікті үйретеді — кейде кішкентай ғана қолдау үлкен қуаныш сыйлай алады. 💫

👏 Студенттерімізге белсенді азаматтық ұстанымы, қайырымдылығы мен әлеуметтік бастамаларға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!