Эльдардың тағдыры — нағыз күрес жолы. Сокол ауылында тұратын кішкентай кейіпкеріміз БЦП және ретинопатия диагноздарымен арпалысып келеді. Оның ата-анасы үшін көру қабілетін сақтап қалу — бүгінгі күннің басты міндеті. Сондықтан Эльдарды Санкт-Петербург клиникасында кезекті ота күтіп тұр.
Біздің ұжым осы игі іске өз үлесін қосып, баланың болашағына бей-жай қарамады. Бірлесе көтерген жүк жеңіл. Біз Эльдардың әлемді өз көзімен көретін күніне сенеміз!