Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Президент Жолдауы талқыланды

Қар 13, 2026

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде студенттермен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған салтанатты кездесу өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Кездесуге «Киев» филиал-кітапханасының кітапханашысы А.К. Жунисов арнайы шақырылды. Мультимедиялық презентация көрсетілімі барысында қатысушылар Жолдаудың негізгі басымдықтарын талдады: инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы дамыту, инвестициялар мен сот жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және білім беру саласын қолдау. Кездесу болашақ мамандардың қызығушылығын тудырып, жоғары патриоттық деңгейде өтті.