Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде Өңірлік  психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы  жөніндегі  оқу-әдістемелік  орталығы мамандарының  дайындауымен «Суицидтік мінез-құлықтың  алдын  алу және  педагогикалық ұжым   жұмысын  шоғырландыру» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өтті.

Қаң 8, 2026

 Сарапшылармен  бірге  педагогтар  мен топ кураторлары  білім алушылардың  көңіл-күйінің  күрт  өзгеруі, үлгерімінің  төмендеуі, әлеуметтік  оқшаулануы  немесе  белсенділігіндегі  өзгешеліктер  сияқты мінез-құлық  индикаторларын  уақытында  байқау  және оларға  кәсіби қолдау  көрсету жолдарын талқылады.

  Студенттік кезеңде біздің білім алушыларымыз  даму  кезеңі және ертеңгі күнге  сенімді  болу  үшін  біз  барлық  күшімізді  саламыз.