Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі мекемесі сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен құттықтайды!

Жел 30, 2025

Өтіп бара жатқан жыл біздің колледж үшін жарқын оқиғаларға, білім мен тәжірибеге толы болды.

Қымбатты студенттер! Сендер — біздің мақтанышымыз бен болашағымызсыңдар. Жаңа жылда оқуда озық болып, биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспіз. Емтихандарың сәтті, ал студенттік өмірлерің қызықты сәттерге толы болсын!

Құрметті ұстаздар мен қызметкерлер! Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз бен жас ұрпаққа берген білімдеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Жаңа жыл әр шаңыраққа бақ-береке, денсаулық және игілік әкелсін! Мереке құтты болсын!