Кітап сүйер студенттердің басын қосқан бұл кездесу қатысушыларға әдеби білімдерін ортаға салып, тапқырлықтарын сынауға мүмкіндік берді. Зияткерлік ойын алты шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарды қамтыды: Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Дария Жұмагелдинованың «Отличница-плебейка», Тэ Юн Кимнің «Қиын жерге бар» («Иди туда, где трудно»), Әкім Таразидің «Шыңырауға өрлеу» («Восхождение к пропасти») және Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» («Выстрел на перевале»).
Үздік білгірлерді анықтаған қазылар алқасының құрамында қазақ және орыс тілдерінің оқытушылары Әлия Имашқызы Әбішева мен Сабина Сайлауқызы Измагилова болды. Тартысты әрі мазмұнды өткен турнирдің ең белсенді қатысушыларын грамоталар күтіп тұр. Жастар кітап оқудың жай ғана қызықты демалыс емес, шабыт пен жаңа идеялардың сарқылмас көзі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алда студенттерді бұдан да жарқын кездесулер, әдеби жаңалықтар мен толағай жеңістер күтіп тұр!