Іс-шара студенттердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға және ел тарихына құрметпен қарауға бағытталды. Студенттер фильмді қызығушылықпен көріп, кейін оның мазмұнын талқылап, өз ойларымен бөлісті, сондай-ақ мұндай кездесулердің патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығын атап өтті.