Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!

Сәу 27, 2023 | 0 comments

27 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл шараға бірнеше ұлт өкілдері қатысты. Біздің колледж студенттері аудиторияны қазақ, орыс, корей ұлттары мен таныстырды. Оқушылар Жансеитов Сабижан. Дүйсен Томирис, Молдабекова Диана, Аюбек Жансая жиналғандарға қазақ халқының кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ақпарат берді. Студент Нұрғалиев Асхат қазақ ұлтының қойылымы соңында «Адай» күйін орындады. Оқушы Вырупаева Анжела орыс ұлтының атынан шығып, жиналғандарды орыс халық биімен таныстырды. Корей ұлтының атынан оқушы Юлия Ким корей тілінде «Мун Чун Хи» (Менің махаббатым) өлеңін оқыды. Сонымен қатар, бұл шараға неміс және әзірбайжан ұлттарының өкілдері қатысты.