29 қаңтар 2026 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің кітапханасының оқу залында көрнекті ақын, жазушы, текстолог, ғылыми абайтанудың негізін қалаушы және педагог Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен қызметіне арналған ауызша журнал өткізілді.
Іс-шара барысында ғалымның өмірбаянындағы маңызды беттер қамтылды: туған-өскен жері мен отбасы, Семейдегі алғашқы Абай мұражайын құруға қосқан үлесі, абайтанушылық және текстология саласындағы еңбектері, Абайдың шәкірттерінің поэтикалық мектебі, Абайға арналған ескерткіштер тарихы, «Абай» энциклопедиясының жарық көруі, сондай-ақ ғалымның отбасы мен балалары туралы мәліметтер.
Балалар қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Әсіресе Абай өлеңдерінің авторлығы туралы жаңа ашылған деректер, ғалымның сталиндік репрессиядан кейінгі қайта оралуы және өмірінің соңына дейін Абай мұрасын насихаттауға арнаған адал еңбегі қатты әсер етті.