«Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Қаз 24, 2023 | 0 comments

Республика күні қарсаңында Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері» атты кітапханалық квест өтті. Іс-шараның мақсаты: студенттердің қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін дамыту; өз елінің, өз халқының адамгершілік және рухани мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ойынды өткізу үшін балалар «Алтын бесік», «Шаңырақ», «Бәйге» және «Дастархан» атты 4 топқа бөлінді.Ойын барысында балалар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызықты саяхат жасады, «Дәстүр мен әдет-ғұрып», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тағамдар» бекеттеріне аялдау жасады. Ойын соңында «Қазақ халқының салт-дәстүрін кім жақсы біледі» атты викторина өткізілді. Ал ойын соңында кітапхана белсенділері Лео  Кнауц, Әнуар Асқаров және Даниэль Бостанов қатысушылар мен көрермендермен бірге гитарада қазақ және орыс тілдерінде ән шырқады. Іс-шараны аға кітапханашы А.Қ.Бекентаева  және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Антаева Т.Р. ұйымдастырып, жүргізді. Барлықтарыңызға қатысқандарыңызға рахмет! Республика күні құтты болсын! Қазақстанымыз гүлдене берсін!