Құжаттарды «Азамат» АЖ арқылы тапсыру

Түлектер мен олардың ата-аналарының назарына!

20 маусымнан бастап колледждерге түсу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Биыл құжаттарды қабылдау «Азамат» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл бейнероликте сіздерге құжаттарды электрондық түрде тапсыру үшін жеке кабинет қалай құру керектігі туралы толық айтып беріледі.
Оқушыларды қабылдау аттестаттардың орташа балы бойынша конкурс арқылы жүргізілетінін және құжаттарды тапсыру кезектілігіне тәуелді еместігін ескертеміз. Белгіленген мерзімде құжат тапсырғандардың барлығы конкурсқа тең негізде қатысады, сондықтан алғашқы күндері құжат тапсыруға асығудың қажеті жоқ.

• Білікті жұмысшы кадрларды даярлауға құжаттар күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында қабылданады;
• орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауға, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанына – 9 сынып негізінде 20 маусымнан 18 тамызға дейін және 11 сынып негізінде 20 маусымнан 18 тамызға дейін;
• ақылы негізде – 20 маусымнан 25 тамызға дейін;
• кешкі және сырттай оқу нысандарына – 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін;
• шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 20 маусымнан 20 шілдеге дейін;
• педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша – 20 маусымнан 15 тамызға дейін.

Бұл бейнероликте сіздерге өздеріңіз құрған жеке кабинетте колледжге құжаттарды электрондық түрде қалай тапсыру керектігі туралы толық түсіндіріледі.
Педагогикалық, медициналық мамандықтарды және арнайы және/немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарды қоспағанда, колледждерге түсу үшін қабылдау емтихандары алынып тасталды. Шығармашылық дайындықты талап ететін педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша қабылдау емтихандары 21–28 шілде аралығында өтеді.

Белгіленген мерзімде құжат тапсырғандардың барлығы конкурсқа тең негізде қатысады, сондықтан алғашқы күндері құжат тапсыруға асығудың қажеті жоқ.