Шукманова Роза Сеитхановна
Шукманова Роза Сеитхановна

Колледж басшысы

Заң ғылымдарының магистрі

Құрметті достар!

«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие, бісекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлайтын оқу орталығы болып табылады. Колледж жылсайын заңгерлер, мұғалімдер, аудармашылар, менеджерлер, қаржыгерлер, бағдарламашылар және басқа да орта буын мамандарынан тұратын 12 мамандық бойынша студенттерді шығарады. Бюджет және коммерциялық негізде білім береді.

Колледжде ынтымағы жарасқан оқытушылар ұжымы бар, олардың 70 пайызы ғылым кандидаттары, магистрлер, бірінші және жоғары санатты оқытушылар. Колледж институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтті .

Қалыптасқан қолайлы орта студенттердің кәсіби және тұлғалық қалыптасуы мен дамуына, олардың оқу және  сабақтан тыс қызығушылықтарын, сонымен қатар педагогтардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Мамандар даярлауды қамтамасыз ету үшін колледжде 2 оқу корпусы,  сонымен қатар мамандандырылған оқу кабинеттері мен зертханалары, оқу полигоны, спорт залдары бар. Оқу ғимаратына жақын жерде колледж жатақханасы орналасқан.

Студенттерді кәсіптік оқыту саласында тиімді әлеуметтік әріптестік мақсатында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС,  «АгромашХолдинг» ЖШС,  «Рембыттехника» ЖШС және т.б. мемлекеттік және жеке кәсіпорындармен қарым-қатынастар жолға қойылған.

Әрбір түлектің мамандық алу жолы оқу орнын таңдаған сәттен басталады. Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде білім алу маманның кәсіби құзыретті, әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғасын қалыптастыруға ықпал етеді. Мұнда сіз танымал мамандықтардың лайықты таңдауын таба аласыз

Қош келдіңіз!

Сұрақ-жауап

Сәлеметсіз бе! 9-сыныптан кейін ақылы оқуға қатысты нақтылағым келген еді? (18.09.2024)

Жыл сайын мемлекет бізге белгілі бір мамандықтар бойынша бюджет негізінде оқыту үшін орындар бөледі.Қабылдау комиссиясы жұмыс істеген кезде, біз талапкерлерді AZAMAT жүйесі арқылы қабылдаймыз. Онда аттестаттар конкурсы өткізіледі, одан кейін бюджеттік орындарға және ақылы негізде оқытуға арналған орындар бөлінеді.

Сәлеметсіз бе, мен басқа колледжден сіздерге ауысуға бола ма екенін білгім келеді? Және қажет болған жағдайда қашықтықтан оқыту мүмкіндігі бар ма? (01.07.2024)
Сәлеметсіз бе! Аусу үшін тамыз айында біздің колледжге келуіңізге болады. Бізде оқу күндізгі (күндізгі оқу) нысаны бойынша жүргізіледі.
Сәлеметсіз бе, Роза Сейітханқызы! Мен 2014 жылы «Аударма ісі» мамандығы бойынша ҚӘТК-ны бітірдім. Кезекті көшуден кейін мен кейбір құжаттарым бар портфелімді және колледж дипломымды таба алмай қалдым. Қазір ол маған өте қажет. Дипломды қалай қалпына келтіруге болатынын айтыңызшы. Рахмет (09.04.2024)

Сәлеметсіз бе! Оқуды аяқтағаны туралы дипломның телнұсқасын алу үшін Қобыланды батыр даңғылы, 31 мекенжайындағы «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің оқу ғимаратындағы оқу іс-қағаздарын жүргізу кеңсесіне, сондай-ақ «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін алу үшін ХҚКО бөлімшесіне хабарласуыңызға болады.

Аталған қызметті көрсету бойынша толығырақ кеңес алу үшін колледждің оқу іс-қағаздарын жүргізу кеңсесінің меңгерушісі Полищук Лаура Есдәулетқызымен 8 (7142) 55-39-94 телефон нөмірі арқылы байланысуыңызға болады.

Баланы басқа қаладан сіздің колледжге ауыстыруға бола ма? (13.03.2024)

Қайырлы уақыт! Иә, мұндай ауысулар мүмкін. Бірақ ауысу тек каникул кезінде: жазғы немесе қысқы каникулдарда ғана жүзеге асырылады.

 

Мен 2012 жылы ҚӘТК-ны «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. Мен мектепте мұғалім болып жұмыс істей аламын ба? (09.02.2024)

Сәлеметсіз бе! Жоқ, жұмыс істей алмайсыз. Мектепте педагогикалық білім қажет, ал заңгер-кеңесші (юрисконсульт) бұл талапқа сай келмейді.

Сәлеметсіз бе, сіздерде теміржол көлігі машинисі деген мамандық бар ма? (29.06.2022)

Сәлеметсіз бе. Бізде бұл мамандық жоқ.

«Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру» деген мамандық бар. Квалификация: «Тасымалдауды ұйымдастырушы-техник».

Сәлеметсіз бе. Менің ұлым Хусаинов Нұрғали сіздердің колледждеріңізде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқыған болатын. Бірінші семестрді оқып, отбасылық жағдайларға байланысты үйге оралды. Құжаттар сіздердің тараптарыңыздан әлі берілген жоқ. Петропавл қаласында оқуды жалғастырғымыз келеді, бірақ құжаттар берілмегендіктен, біздің колледж оларды электрондық пошта арқылы жіберуді сұрап сұраныс жіберді. Екі апта өтті, әлі жауап жоқ. Басқа оқу орындары құжаттарды тек каникул күндері қабылдайтынын өздеріңіз білесіздер. Өтінемін, шара қолданыңыз (25.01.2023).

Колледж сайтына жіберген өтінішіңізге орай келесіні хабарлаймыз: Оқушы Хусаинов Нұрғалидің өтініші бойынша қолхатқа (распискаға) сәйкес құжаттар: орта білім туралы аттестат және медициналық анықтама берілді. Колледж, атап айтқанда топ кураторы, 2023 жылғы 9 қаңтарда электрондық пошта арқылы сынақ кітапшасының көшірмесін жіберді.

2023 жылғы 17 қаңтарда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінен ресми сұраныс алынды.

25 қаңтарда расталған (заңдастырылған) құжаттар Қазпошта арқылы жіберілді.

Менің ұлым 2014 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжін бітірді және қазір Варшавадағы жоғары оқу орнының екінші курсында оқып жатыр. Бізге оның дипломының сәйкестігі туралы анықтама қажет. (16.03.2023)

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының аумағында алынған білім туралы дипломды тану үшін, яғни оған Польша аумағында заңды күш беру үшін, Сіз Варшавадағы тиісті органдарға жүгінуіңіз қажет. Ережелерге сәйкес, бұл екі елдің Білім министрліктері деңгейінде жүзеге асырылады.

Сәлеметсіз бе, менің атым Игорь, мен Боровойдағы бірінші курста оқимын, сіздердің колледждеріңізге ауысқым келеді. Оны 1-курста жасауға бола ма және 1-семестрді күтпей-ақ ауыса аламын ба? (10.10.2023)

Сәлеметсіз бе! Барлық ауысулар (переводтар) тек қана каникул кезінде (жазғы немесе қысқы каникулдарда), курсқа қарамастан жүзеге асырылады.