2026 жылғы 18 ақпанда ҚӘТУ және ҚӘТҚ студенттердің Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті өкілдерімен кездесуі өтті.

Ақп 19, 2026

Кездесу тақырыбы: «Қылмыстардың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ИАС «Электрондық өтініш» (Е-Өтініш) арқылы өтініш беру тәртібі».

Дәріс барысында құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алудың өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық жүйелер мен «Е-Өтініш» сервисі арқылы өтініш беру тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Осындай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапты азаматтық мінез-құлықты қалыптастыруға және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.