Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы профилактикалық жұмыс аясында Қостанай қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) барды

Қар 27, 2025

Экскурсияның мақсаты – құқыққа қарсы әрекеттердің теріс салдарын көрнекі түрде көрсету болды.
Іс-шара Қостанай қалалық ПБ УҰИ бастығының орынбасары, полиция майоры Айтқожин Дәулет Балтабайұлының жетекшілігімен, УҰИ кезекші инспекторы Серік Дархан Абылайұлының қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді. Студенттер УҰИ-дағы ұстау шарттарымен және режимімен танысып, заңды сақтаудың және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің маңыздылығы туралы маңызды тәрбиелік сабақ алды.