Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің қабырғасында қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – шылым шегу қоспаларының, электронды темекі (вейп) және кальянның адам денсаулығына тигізетін зиянына арналған маңызды тәрбиелік дәріс өтті. Шараның спикері – салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігер Терекбаева Бибігүл Сейілжанқызы жиналған қауымға құнды білімдері мен ескертулерімен бөлісті. Бибігүл Сейілжанқызы өз сөзінде темекі шегудің әрбір түрін жан-жақты талқылап, олардың құрамын, ағзаға әсер ету механизмдерін және денсаулыққа ұзақ мерзімді салдарын ашып берді. Салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігер студенттерді өз таңдауында саналы болуға, өз денсаулығына қамқорлық жасауға және сәнді, бірақ қауіпті ағымдардың ықпалына бой алдырмауға шақырды.