«Сен және заң» тақырыбында колледж ішілік пікірсайыс турнирі

Ақп 14, 2025

14 ақпанда Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде «Біртұтас тәрбие» бірыңғай мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сен және заң» тақырыбында колледж ішілік пікірсайыс турнирі өтті.

Командалар студенттерге қатысты нақты заңды қарастырды: «Кәмелетке толмаған баланың кешкі сағат 22-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде болуы». Бұл тақырып жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қатысты. Осындай пікірталастардың барысында әр түрлі көзқарастар тоғысады, кеш уақытта кәмелетке толмағандардың көшеде болуына шектеу енгізу қаншалықты қажет және негізді.

Қорытындылай келе, «Кәмелетке толмағандардың кешкі сағат 22.00-ден кейін үйден тыс жерде болу» тақырыбындағы пікірталас күрделі және көп қырлы мәселе болып табылады, ол байыпты талқылауды және компромисстік шешімдерді іздеуді қажет етеді.