«Полилог» облыстық бір сөз конкурсы

Мау 4, 2025

2025 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай колледж студенттері арасында облыстық «Полилог» бір сөз сайысы өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың көпшілік алдында сөйлеу, дәлелді пікір айту және сөздік қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сондай-ақ өзекті тақырыптар бойынша мазмұнды қысқа сөз форматы арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Аталған байқауға біздің колледждің білім алушылары да қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
• Евич Ольга, «Аударма ісі» мамандығының білім алушысы — 1 орын;
• Төлегенова Самира, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушысы — 3 орын.
Сондай-ақ, алғыс хаттармен марапатталғандар:
• Жұмабаева Алпысгүл («Аударма ісі» мамандығы);
• Фазыл Сабина («Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы).
Студенттерімізді лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!

Бейне: INSTAGRAM