Облыс колледждерінің студенттері арасында волейболдан ашық турнир

Сәу 10, 2025

2025 жылғы 7–10 сәуір аралығында Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында облыс колледждерінің студенттері арасында волейболдан ашық турнир өтті.

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің  командасы өз оқу орнын лайықты таныстырып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

  • Турнирдің бірінші күні ҚӘТК командасы №15 мектеп пен Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрамаларын сенімді түрде жеңді.
  • Екінші күні №31 мектеп командасынан басым түсті.
  • Үшінші күні Қызмет көрсету саласы колледжі командасынан жеңіске жетті.
  • Турнирдің соңғы кездесуінде ҚӘТК командасы жанкешті қарсыласуға қарамастан, Индустриялық-педагогикалық колледж командасына есе жіберді.

Бұл турнир қатысушылар үшін спорттық рухты, командамен жұмыс істеу қабілетін және жеңіске деген жігерді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Біздің студенттерімізді сәтті өнер көрсетулерімен