
Сарсенбаева Лилия Атыгаевна
Оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары
пр-т Қобланды батыра, 31, каб. 321
Оқу-өндірістік жұмыс
Негізгі мақсат: Білім беру процесі мен өндірісті интеграциялау есебінен түлектердің еңбек нарығында және білім беру қызметтері нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Оқу-өндірістік жұмыстың негізгі міндеттері:
-
Колледждің оқу-өндірістік жұмысын ҚР ОП талаптарына сәйкес жоспарлау және ұйымдастыру.
-
Жаңартылып жатқан нормативтік-құқықтық базаға, заманауи өндіріс талаптарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оқу-өндірістік процестің әдістемелік қамтамасыз етілуін өзектендіру.
-
Оқу-өндірістік процестің материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ қауіпсіз өндірістік ортаны жетілдіру.
-
Өндірістік практикаларды ұйымдастыру шеңберінде түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Оқу-өндірістік жұмыстың басым бағыттары:
-
Ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік жағдайларды қамтамасыз ету;
-
Түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі ретінде әлеуметтік әріптестікті кеңейту;
-
Өндірістік (кәсіптік) практиканы ұйымдастыруға әдістемелік басшылық жасау;
-
Түлектерді жызмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Осыған байланысты студенттерге – болашақ мамандарға – креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, дамыған интеллектке ие болу, кәсіби сауаттылықтың жоғары деңгейі, танымдық қызметке тұрақты уәждеме сияқты белгілі бір талаптар бірінші орынға шығады.
Колледжде жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап беретін жеке тұлға – болашақ маманды қалыптастыру мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес кәсіптік практикадан өту ұйымдастырылған.
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту және өндірістік оқыту Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Сондай-ақ:
-
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес;
-
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 252 бұйрығымен «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практика базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы;
Кәсіптік практика мен өндірістік оқытуды барлық кезеңдерде ұйымдастыру: алынатын мамандыққа және берілетін біліктілікке сәйкес түлектерді даярлаудың мазмұнының ең төменгі мөлшеріне және деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды, білім алушылардың практика және өндірістік оқыту бағдарламасына сәйкес кәсіптік қызметті үздіксіз және дәйекті игеруін орындауға бағытталған.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Кәсіптік практика практиканың мазмұны мен теориялық оқыту арасындағы байланысты қамтамасыз ету шартымен, әрі үздіксіз циклмен, әрі апталар бойынша теориялық сабақтармен кезектестіру арқылы жүзеге асырылады.
Оқу процесінде білім алушылар өндірістік оқытудан және кәсіптік практиканың түрлі түрлерінен өтеді: оқу, педагогикалық, өндірістік, диплом алдындағы.
Оқу практикасының базалары: колледж, оқу зертханалары, кәсіпорындар (ұйымдар) болып табылады.
Білім алушылардың өндірістік және диплом алдындағы практикасы ұйым мен оқу орны арасында жасалатын шарттар негізінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдарда өткізіледі.
Практика базаларын бекітуді колледж басшысы ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттар, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан білім алушылардың жеке шарттары негізінде жүзеге асырады.
Колледж басшылығы 2020-2021 оқу жылында 45 шарт, 2021-2022 оқу жылында кәсіпорындармен және ұйымдармен жасалған шарттар саны 50-ді құрады, ал 2022-2023 оқу жылында 53 шартқа қол қойды, бұл барлық студенттерді 100% практика базаларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
| 2020-2021 оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | |
| Жасалған шарттар саны (практика базалары) | 45 | 50 | 53 |
Бұдан басқа, әлеуметтік әріптестермен дуалды оқыту нысаны туралы шарттар жасалды.
| 2020-2021 оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | |
| Дуалды оқыту нысаны туралы жасалған шарттар саны | 3 | 5 | 5 |
Қазіргі сәтте колледжде дуалды оқытудың 163 жеке шарты бар, оның ішінде «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 84, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 59 шарт және 04130100 Менеджмент (салалар мен қолдану аясы бойынша) мамандығы бойынша 20 шарт бар.
Колледждегі практиканың барлық түрлерінің бөлімшелер бойынша нәтижелерін талдау студенттердің стандарт талаптарына және шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына сәйкес теориялық дайындық деңгейін көрсетеді. Колледж түлектері кәсіптік жұмысқа дайын. Білім алушылар практикалық қызметте қолдану үшін жеткілікті білім деңгейіне және практикалық дағдыларға ие.
Бұдан басқа, колледж қызметкерлері түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.
2019 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде колледж түлектерін жұмысқа орналастыру төмендегі кестеге сәйкес көрінеді.
|
Шығарылған жылы |
Түлектер саны | Жұмысқа орналасқандар |
ЖОО/Колледжде оқитындар |
Әскерге шақырылғандар/Декрет | ҚР шегінен тыс шығып кеткендер | Жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі | ||||||
| Барлығы | Оның ішінде МТ бойынша | Барлығы | Оның ішінде МТ бойынша | Барлығы | Оның ішінде МТ бойынша | Барлығы | Оның ішінде МТ бойынша | Барлығы | Оның ішінде МТ бойынша | Барлығы | Оның ішінде МТ бойынша | |
| 2020 | 255 | 72 | 220 | 63 | 29 | 9 | 5 | 0 | 0 | 0 | 99,6% | 100% |
| 2021 | 285 | 75 | 229 | 64 | 51 | 9 | 2 | 2 | 0 | 0 | 98,9% | 100% |
| 2022 | 273 | 50 | 177 | 31 | 41 | 18 | 2 | 0 | 3 | 0 | 82% | 98% |
Көптеген білім алушылар колледж ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарт жасасқан кәсіпорындар мен ұйымдар базасында өндірістік және диплом алдындағы практикалардан өтіп, терең білімді меңгерген, тез өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделе алатын болашақ мамандар ретінде өздерін көрсетті. Бұл кейіннен колледжді бітірген соң одан әрі жұмысқа орналасу мақсатында шақырылған осы кәсіпорындар мен ұйымдарға қайта оралуға мүмкіндік берді.
Мәселен, «Құқықтану» мамандығының білім алушылары – Масақбаева Карина, Ильясова Карина, Кияшко Анастасия, Абаева Бақыт, Калимуллина Карина Қостанай қаласының ПБ-де өндірістік практикадан өтті, қазіргі уақытта Қостанай облысының Ішкі істер органдарында қызмет атқаруда. Грить Анастасия Қостанай қаласының сотында практикадан өтіп, қазіргі сәтте мемлекеттік қызметке мемлекеттік емтихан тапсырып, Қостанай қаласының сотында маман болып жұмыс істейді.
Колледжде ықтимал жұмыс берушілермен, әлеуметтік әріптестермен жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі. Бұл көптеген мәселелер бойынша іскерлік, өзара тиімді ынтымақтастық.
Әлеуметтік әріптестік – бұл оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара қарым-қатынасының заманауи түрі.
Әлеуметтік әріптестер колледж өміріне белсене қатысады. Мәселен, 2022 жылдың 23 желтоқсанында колледж «Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесі өткізген іс-шараға – Қамқоршылар балына қатысты (қамқорлық шартына сәйкес – колледж шефтері). Колледж өзінің үздік студенттерін бес номинация бойынша құттықтады. Әрбір студентке грамота табыс етілді. Әлеуметтік әріптестер де біздің студенттерді құттықтап, естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйақылармен марапаттады. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС сыйлық ретінде «Марвин» фирмасының бөлімінен сатып алуға арналған сертификаттарды табыс етті.
Колледж дәл осы саясатты, яғни терең ойластырылған стратегиялық, жақын және ұзақ мерзімді мақсаттар мен міндеттері бар саясатты ұстанады.
2022 жылғы 15 қарашада сағат 11.00-де колледж «Жұмыс берушінің бірыңғай күні» іс-шарасын өткізді.
Бұл іс-шара екі кезеңде өтті.
1-кезең – салтанатты бөлім Қостанай қаласы, Текстильщиктер көшесі 9 мекенжайындағы Студенттер мәдениет сарайында өткізілді.
2-кезең – колледждің зертханалары мен шеберханаларына экскурсия.
Бұл іс-шараға кәсіптік практика және өндірістік оқыту базасы болып табылатын 20 ұйымның өкілдері – әлеуметтік әріптестер, сондай-ақ біздің колледж студенттерін дуалды оқытуды іске асыруға қатысушы ұйымдар мен кәсіпорындар шақырылды.
Олардың арасында мынадай ірі кәсіпорындардың өкілдері бар:
-
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС;
-
«Renegade» ЖШС монтаж компаниясы;
-
«Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалы;
-
«Банк ЦентрКредит» АҚ филиалы;
-
«Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» мекемесі;
-
«Бөбек» балабақшасы мекемесі;
-
«Қостанай қаласының академиялық лицейі» мекемесі;
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар:
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаментінің Қостанай қаласы Полиция басқармасы» ММ;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
- Қостанай облысы ІІД ювеналды полициясы;
- Қостанай облысының Мемлекеттік архиві;
- Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы;
- Қостанай қаласы әкімі аппаратының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі;
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
- «Қостанай облысы әкімдігі білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
- Қостанай қалалық соты;
Орта және шағын бизнес кәсіпорындары:
- «Келеманов» ЖШС;
- «Калинин Е.И.» ЖК.
Әлеуметтік әріптестермен табысты өзара іс-қимылды жүзеге асыру, жаһандық мәселелерді шешудегі мемлекеттің нақты материалдық және заңнамалық көмегі мынадай өзекті проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:
-
түлектерді жұмысқа орналастыру;
-
оларды даярлау сапасын бақылауды қамтамасыз ету;
-
белгілі бір кәсіптердегі мамандарға деген қажеттілікті болжау және оларды ашу;
-
оқу орындарының материалдық-техникалық базасын заманауи талаптарға сәйкес келтіру.
Бұдан басқа, колледжге әлеуметтік әріптестердің өкілдері бірнеше рет келіп, студенттермен кездесулер өткізілді, атап айтқанда: Қостанай қалалық соты түсіндіру материалдарымен 3 кездесу өткізді; Қостанай қаласы әкімі аппаратының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі; Қостанай қаласының адвокатурасы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті; Қостанай қаласының Полиция басқармасы.
2022 жылғы 7 желтоқсанда колледжде дайындалған және дарынды студенттерге таңдалған құзыреттілік бойынша қол жеткізген шеберлік деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында WorldSkills KSTC – 2022 мини-чемпионаты өткізілді.
Сарапшылар ретінде ҚӘТУ (Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті) қызметкерлері, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілдері шақырылды.
WorldSkills KSTC – 2022 мини-чемпионаты келесі құзыреттіліктер бойынша өткізілді:
-
«Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі – сарапшы – аға оқытушы Крупенкин Павел Витальевич;
-
«Веб-дизайн және әзірлемелер» құзыреттілігі – сарапшы – электронды инженер Кряжевских Олег Юрьевич;
-
«Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреттілігі – сарапшы – ҚӘТУ ақпараттық-техникалық орталығының бастығы Гаврилюк Дмитрий Григорьевич;
-
«Графикалық дизайн» құзыреттілігі – сарапшы – ҚӘТУ қашықтықтан оқыту бөлімінің бастығы Исаева Наталья Николаевна;
-
«Электромонтаждау» құзыреттілігі – сарапшы – «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілі – Кәсіби даярлау орталығының бастығы Ермағамбетова Махабат.
Әрбір құзыреттілік бойынша көп ұпай жинаған және одан әрі WorldSkills – 2023 өңірлік Чемпионатына қатысу үшін жүлделі орындарды иеленген студенттер іріктелді.
2023 жылғы 16 мамырдан 23 мамырға дейін біздің колледж WorldSkills – 2023 өңірлік Чемпионатына қатысты.
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі WorldSkills-2023 өңірлік Чемпионатына 7 құзыреттілік бойынша, 10 қатысушы және 10 компатриот құрамында қатысты.
WSK-2023 Өңірлік чемпионатына қатысушылар мен сарапшылар құрамы
«Веб технологиялар»
| №п/п | Қатысушының Т.А.Ә. | Туған күні | Оқу курсы | Сарапшы-компатриоттардың Т.А.Ә. | Ұйымның атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail) |
Лауазымы, білімі, біліктілігі, санаты
|
| 1 | Шатрова Анастасия Владимировна | 07.05.2004 | 3 | Федосеенко Евгений Владимирович |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі
|
Арнайы пәндер оқытушысы, жоғары, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», педагог |
«Графикалық дизайн»
| №п/п | Қатысушының Т.А.Ә. | Туған күні | Оқу курсы | Сарапшы-компатриоттардың Т.А.Ә. | Ұйымның атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail) |
Лауазымы, білімі, біліктілігі, санаты
|
| 1 | Хамаза Дарья Ерлановна | 08.11.2004 | 3 | Абаева Бахытжамал Жаматовна |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 87714309737, abaevabaha-04@mail.ru |
Арнайы пәндер оқытушысы, «Ақпараттық жүйелер» бакалавры, магистратура |
«Бизнеске арналған IT-шешімдер»
| №п/п | Қатысушының Т.А.Ә. | Туған күні | Оқу курсы | Сарапшы-компатриоттардың Т.А.Ә. | Ұйымның атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail) |
Лауазымы, білімі, біліктілігі, санаты
|
| 1 | Яковлев Александр Александрович | 04.11.2004 | 3 | Гаврилюк Елена Петровна |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 87052544542 Lekar_110195@mail.ru |
Арнайы пәндер оқытушысы |
| 2 | Селиверстов Вячеслав Андреевич | 20.08.2002 | 4 | Феофилактов Денис Александрович |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 87757588799 |
Арнайы пәндер оқытушысы |
«Электр монтаждау»
| №п/п | Қатысушының Т.А.Ә. | Туған күні | Оқу курсы | Сарапшы-компатриоттардың Т.А.Ә. | Ұйымның атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail) |
Лауазымы, білімі, біліктілігі, санаты
|
| 1 | Бермухамбетов Куаныш Нурболович | 03.06.2005 | 3 | Хасанов Азамат Султанович |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 8747 229 73 93 azamathasanov911aza@gmail.com |
Арнайы пәндер оқытушысы |
«Тасымалдау процесін басқару»
| №п/п | Қатысушының Т.А.Ә. | Туған күні | Оқу курсы | Сарапшы-компатриоттардың Т.А.Ә. | Ұйымның атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail) |
Лауазымы, білімі, біліктілігі, санаты
|
| 1 | Нуркенова София Ермековна | 28.12.2004 | 2 | Югай Татьяна Сергеевна |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 87755249992, tatyanayugay88@gmail.com |
Оқытушы |
| 2 |
Тусупеков Алдияр Женисович |
25.03.2003 | 2 |
Жабаева Акмарал Канибековна |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 87779983838 Akmonika90@mail.ru |
Арнайы пәндер оқытушысы |
«Электроника»
| №п/п | Қатысушының Т.А.Ә. | Туған күні | Оқу курсы | Сарапшы-компатриоттардың Т.А.Ә. | Ұйымның атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail) |
Лауазымы, білімі, біліктілігі, санаты
|
| 1 | Сигаев Адиль Танатович | 13.09.2004 | 3 |
Шиндавлетов Артем Салимович |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 87055449197 ShinArt-786-9@mail.ru |
Арнайы пәндер оқытушысы |
«Дене шынықтыру»
| №п/п | Қатысушының Т.А.Ә. | Туған күні | Оқу курсы | 000000000 | Ұйымның атауы, байланыс ақпараты (мекенжайы, телефоны, e-mail) |
Лауазымы, білімі, біліктілігі, санаты
|
| 1 | Бабаев Артур Юрьевич | 01.09.2005 | 3 | Галеев Ильяс Артурович |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 8-707 667 60 06 ilyas29299@gmail.com |
Арнайы пәндер оқытушысы |
| 2 | Сенють Владислав Олегович | 13.01.2004 | 2 | Ким Артём Артемович |
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі 87076941693
|
Арнайы пәндер оқытушысы |
2023 жылғы WSK өңірлік чемпионатында 4-курс студенті Селиверстов Вячеслав Андреевич «Бизнеске арналған IT-шешімдер» құзыреттілігі бойынша 2-орын иеленді. Аталған студентке «1С» кәсіпорнында жұмысқа орналасу ұсынылып, бағалы сыйлық табыс етілді. Жетекшісі – арнайы пәндер мұғалімі Феофилактов Денис Александрович.
2023 жылғы 27 қаңтарда «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің 10 білім алушысы «Менің мамандығым. Өндірістегі тәжірибем» атты халықаралық қатысумен өткен облыстық практикалық конференцияға қатысты.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы – «Рудный политехникалық колледжі» КМК.
Конференцияның негізгі міндеттері:
студенттердің кәсіби (өндірістік) тәжірибе барысында меңгерген практикалық білімдерін нығайту және тереңдету;
болашақ мамандардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
жас мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру;
еңбекке шығармашылық көзқарасты, саналы еңбек және өндірістік тәртіп мәдениетін тәрбиелеу;
кіші курс студенттерін өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу тәртібімен, өндірістегі техника қауіпсіздігі ережелерімен, сондай-ақ өндірістік ортадағы психоэмоционалдық бейімделу ерекшеліктерімен таныстыру.
Практикалық конференция онлайн форматта өткізілді.
Практикалық конференцияға Қостанай облысының 23 колледжі және Челябі облысының (Ресей Федерациясы) 4 колледжі қатысты. Олар: «П.П. Аносов атындағы Златоуст индустриялық колледжі», Челябі механика-технология техникумы, Я.П. Осадчий атындағы Челябі өнеркәсіп және коммуналдық шаруашылық техникумы, Оңтүстік-Урал (Ресей Федерациясы) көпсалалы колледжі.
Біздің білім алушылар үш бағыт бойынша қатысты.
«Энергетика және автоматтандыру» бағыты:
Репетеев Дмитрий, Бермухамбетов Қуаныш (жетекшісі — Хасанов А.С.),
Сигаев Адиль, Яковлев Александр (жетекшісі — Қожабаева Г.М.),
Жунусов Бекмұхамед, Носик Виктория (жетекшісі — Абаева Б.Ж.),
Селиверстов Вячеслав (жетекшісі — Феофилактов Д.А.).
«Қызмет көрсету және өнер» бағыты:
Жараспаева Мира (жетекшісі — Сарсенбаева Л.А.).
«Білім беру және өнер» бағыты:
Бабаев Артур, Поротникова Антонина (жетекшісі — Рябова И.А.).
Практика жетекшілері студенттерді қазіргі жағдайдағы кәсіпорындар қызметінің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар дайындауға және өндірістік тәжірибе барысында алған тәжірибелерін қорытындылауға әзірледі.
Конференция қатысушыларын бағалау үшін арнайы конкурстық комиссия құрылды. Оның құрамына өндіріс өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестері, Білім басқармасының өкілдері, колледж әкімшілігі, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері кірді.
Біздің оқу орнымыздан конкурстық комиссия құрамына:
Сарсенбаева Л.А. — оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары,
Қожабаева Г.М. — техникалық бөлім меңгерушісі шақырылды.
Келесі кезеңде студенттер өз баяндамаларымен сөз сөйледі. Студенттердің жұмыстары тыңдалып, қорытынды шығарылып, конференция жеңімпаздары анықталды.
«Энергетика және автоматтандыру» бағыты, 1-секция:
1 орын — 3 курс студенті Сигаев Адиль,
3 орын — 3 курс студенті Жунусов Бекмұхамед.
Осы бағыттың 2-секциясы:
3 орын — үш студентке берілді: Носик Виктория, Бермухамбетов Қуаныш, Яковлев Александр.
«Білім беру және өнер» бағыты:
2 орын — 3 курс студенті Бабаев Артур,
3 орын — 2 курс студенті Поротникова Анастасия.
Конференция аяқталғаннан кейін ұйымдастырушыларға алғыс сөздері айтылды.
Қорытындылай келе, халықаралық қатысумен өткен «Менің мамандығым. Өндірістегі тәжірибем» атты облыстық практикалық конференция білім алушылардың тәжірибеге бағытталған дайындық деңгейін, дербес еңбек қызметіне және нақты жұмыс орнына бейімделу дәрежесін айқындауға; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға; кәсіпорындардың қазіргі жағдайдағы өзекті мәселелерін анықтауға; ұйым қызметінің күшті және әлсіз жақтарын талдауға мүмкіндік берді.
«Құқықтану» мамандығы студенттері үшін өткізілген іс-шаралар туралы есеп
31 мамырда «Құқықтану» мамандығының студенттері арнайы пәндер оқытушысымен бірге Қостанай қаласы сотының ашық отырысына қатысып, «Ата-аналық құқықтан айыру. Атаулы төлемдерді өндіру» тақырыбындағы сот процесін көрді.
9 маусымда 25 студент Қазақстан Республикасының Салық кодексін жаңарту бойынша оқудан өтті. Оқыту Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер департаментінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырылды.
Жыл бойы бітірген студенттердің еңбекке орналасуына бағытталған барлық іс-шаралар өткізілді. Студенттер 16 сәуір 2023 жылы облыстық деңгейдегі бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Сондай-ақ колледжде әлеуметтік серіктестер мен Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің өкілдерін шақыра отырып, ішкі жәрмеңке ұйымдастырылды.
Бітірген студенттер жұмыс берушілерге тікелей сұрақтар қойып, толық әрі нақты жауаптар алды, бұл олардың кәсіби жолын жоспарлауға мүмкіндік берді.
Оқу-өндірістік жұмыс ағымдағы оқу жылының басында ұсынылған жоспарға сәйкес жүргізілді.
2023–2024 оқу жылының басында Қостанай қаласының Білім басқармасымен келісімшарт жасалды. Соның нәтижесінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Қостанай қаласындағы ірі мектептердің базаларында педагогикалық тәжірибеден өтуде:
ҚММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі»;
ҚММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің Б. Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі»;
ҚММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 8 жалпы білім беретін мектебі»;
ҚММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 15 жалпы білім беретін мектебі»;
ҚММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі»;
ҚММ «Қостанай қаласы білім бөлімінің С. Мәуленов атындағы гимназиясы».
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығының студенттері колледжбен жасалған келісімшарттар негізінде тәжірибенің негізгі базаларында оқу-педагогикалық практикадан өтеді:
Қостанай қаласындағы «Бөбек» балабақшасы;
«Бес үйрек» балабақшасы.
Ағымдағы оқу жылының басында төмендегі ірі кәсіпорындармен келісімшарттар жасалды:
«Агромашхолдинг KZ» АҚ;
Қостанай қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК.
Практика базаларын кеңейту және түлектерді жұмысқа орналастыру пайызын арттыру мақсатында келісімшарттар жасау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
«Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесінің мамандықтар бөлінісіндегі әлеуметтік серіктестері
|
Мамандық атауы, біліктілігі |
Негізгі әлеуметтік серіктестер |
|
|
06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші |
ТОО «СарыаркаАвтоПром» | |
| Костанайский ОФ АО «Казпочта» | ||
| Департамент государственных доходов по Костанайской области Комитета Министерства финансов РК | ||
| Некомерческое акционерное Общество «Государственная корпорация «Правительство для граждан» Костанайской области | ||
| 04130100 «Менеджмент (салалары және қолдану аясы бойынша)», 4S04130101 «Менеджер» | Костанайский ОФ АО «Казпочта» | |
| АО «Банк Центр Кредит» | ||
|
Halyk Bank
|
||
|
01140500 «Дене шынықтыру және спорт», 4S01140501 «Дене шынықтыру және спорт мұғалімі»
|
КГУ Школа-лицей №2 отдела образования города Костаная»Управления образования акимата Костанайской области | |
|
Общеобразовательная школа №15 отдела образования города Костаная
|
||
| Коммунальное государственное учреждение «Гимназия имени С. Мауленова отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области | ||
|
КГУ «Общеобразовательная школа №23 им. М.Козыбаева отдела образования г. Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
|
||
|
01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» 4S01120102 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
|
Учреждение детский сад «Бөбек» | |
| ТОО»Жанерке-2009″ | ||
| ТОО «ВК KINDER» | ||
|
07130200 «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)», 4S07130202 «Техник-электрик» |
ТОО «СарыаркаАвтоПром» | |
| АО «АгромашХолдинг» | ||
| ТОО «Ренегат» | ||
| 05220100 «Экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша)», 4S05220102 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар технигі» | РГУ «Наурзумский Государственный природный заповедник» | |
| Управление природных ресурсов и регулирование природопользования Костанайской области | ||
| Департамент экологии по Костанайской области Комитета экологического регулирования и контроля Министерства экологии природных ресурсов Республики | ||
| 04210100 «Құқықтану», 4S04210101 «Заңгер» | Отдел РАГС ГУ «Аппарат Акима г.Костаная» | |
| Костанайский городской суд | ||
| Департамент полиции Костанайской области | ||
| 02310100 «Аударма ісі (түрлері бойынша)», 4S02310101 «Аудармашы» | КГУ «Костанайская областная универсальная научная библиотека им.Л.Толстого» | |
|
Языковой центр «Grand Luxe»
|
||
| Языковой центр «UP Grade» | ||
|
0516000 «Қаржы», 0516053 «Қаржы жұмысы жөніндегі экономист»
|
Костанайский ОФ АО «Казпочта» | |
| АО «Банк Центр Кредит» | ||
|
Halyk Bank
|
||
|
10410200 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» 4S10410205 «Тасымалдауды ұйымдастырушы техник» |
Филиал ТОО » КТЖ-Грузовые перевозки-«Костанайское отделение ГП» |
2025 жылғы 18 маусымда маңызды іс-шара өтті – Қазақстан Республикасында өткізіліп жатқан Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесі «Агромашхолдинг KZ» АҚ аумағында «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтуі үшін мамандандырылған кабинет – ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫН ашты.
«Агромашхолдинг KZ» ЖШС аумағында Өндірістік оқыту орталығының ашылуы – болашақта кәсіпорынның кадрлық мәселелерін шешуге, білім беру сапасын арттыруға және колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған, мамандарды тәжірибелік даярлаудың өзара тиімді жобасы болып табылады.
Өндірістік оқыту орталығын ашудың мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау, тәжірибеге бағытталған оқу процесін ұйымдастыру, нақты өндірістік жағдайларға барынша жақын оқыту есебінен жас мамандардың өндірісте бейімделу мерзімін қысқарту, заманауи жабдықтарда практикалық жұмыс тәжірибесін алу арқылы колледж түлектерінің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, теориялық оқытуды өндірістегі практикалық қызметпен ықпалдастыру, колледжде оқуды кәсіпорындағы жұмыспен ұштастыру арқылы білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын, оның ішінде нақты жұмыс жағдайларын имитациялайтын симуляторлар мен тренажерларды енгізу, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген оң көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіпорынның өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін арттыру.
Кадрларды мақсатты түрде даярлауға арналған шарттар
АО «Банк ЦентрКредит»
04130100 Менеджмент (по отраслям и областям применения)
АО «Банк Центр Кредит»
04120100- Банковское и страховое дело