1-3 маусым аралығында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының пара дзюдодан Спартакиадасында «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің 3 курс студенті Нұрқабаев Ермек J2 санатында, 95 келі салмақ дәрежесінде 3-орынға ие болып, «Спорт шебері» атағын жеңіп алды!
Ермекті осы зор жетістігімен құттықтаймыз! Оның қажырлы еңбегі мен табандылығы жемісін берді. Болашақта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!