«Kamlit»зауытының базасында жұмысшы мамандықтар кафедрасының филиалын ашу

Сәу 16, 2025

2025 жылғы 15 сәуірде «Kamlit» зауыты базасында Қостанай әлеуметтік-техникалық университетімен бірлесе отырып, жұмысшы мамандықтар кафедрасының филиалының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты шара Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті. Қонақтар қатарында атқарушы билік өкілдері, Білім басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы мен қалалық мәслихат хатшысы болды.

Кафедра аясында біздің студенттер жұмысшы мамандықтары бойынша білікті және тәжірибеге бағытталған даярлықтан өте алады.

Филиалдың ашылуы – бұл кәсіби дағдылар мен іскерліктерді игеруге, сондай-ақ жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тағы бір маңызды қадам!