1-5 мамыр аралығында Алматы қаласында Gamma MMA бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Дене тәрбиесі және спорт»-12б тобының студенті Қуанышбай Нұрдәулет осы беделді жарыста біздің колледждің намысын абыроймен қорғады.
Нұрдәулет бірінші жекпе-жегінде Қызылордалық қарсыласын сенімді түрде жеңді. Екінші кездесуде ол өзінің шеберлігін көрсетіп, Алматылық спортшыны да тізе бүктірді. Үшінші шиеленісті жекпе-жекте Нұрдәулет қарағандылық қарсыласына есе жіберді, бірақ оған қарамастан Қазақстан Республикасы чемпионатында 3-ші жүлделі орынды иеленді!
Нұрдәулетті осы маңызды жетістігімен құттықтаймыз және оған спорттағы одан әрі табыстар тілейміз!