«Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің ДТжС-02 тобының студенті Есболат Шерхан 21–25 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тамаша жеңіске жетті.
Шерхан өз шеберлігін бұрыннан дәлелдеген дарынды спортшы. Ол қазақша күрестен Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері, сондай-ақ ұлттық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы болып табылады. Бұл жетістіктері оның жоғары деңгейдегі спорттық шеберлігін, ерік-жігерін және ұлттық спорт түріне деген адалдығын айғақтайды.
Біз студентіміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және Шерханға халықаралық ареналарда әлі де көптеген жеңістер тілейміз!