«Еркін микрофон» іс-шарасы

Сәу 9, 2025

Бүгін, 2025 жылғы 9 сәуірде, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі кітапханасының оқу залында жарқын және қызықты іс-шара – «Еркін микрофон» іс-шарасы өтті!

Колледждің түрлі курстары мен мамандықтарының студенттері өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп, сүйікті сабақтары мен қызықты хоббилері туралы айтып берді.

Көптеген қатысушылар өздерімен бірге суреттер, медальдар, дипломдар және басқа да шығармашылық жетістіктерді мақтан тұтатын жұмыстар әкелді. Бұл біздің студенттердің көп қырлы дарындарымен танысуға, сондай-ақ олардың шығармашылыққа қалай уақыт табатыны туралы әңгімелерін тыңдауға тамаша мүмкіндік болды. Белсенді қатысушылар: радиоспортты ұнататын Б.СД-01 тобы Иванова Анастасия, бұл оған әлемнің түрлі елдеріндегі құрдастарымен араласуға мүмкіндік береді. ДВиО-01 тобының студенттері Бегунова Ксения мен Тюлюгенова Самира еріктілер қызметі туралы айтып берді, сондай-ақ Самира әлі де көркемөнер мектебіне барады, ал Ксения кни оқуды ұнатады және кулинариемен  айналысады.

Ал Канц Валерий, ПО-01 тобы, өзінің электрогитарасын алып келіп, музыкалық композицияны орындады. Смағұлова Әлия, «Аударма ісі» -02 тобының студенті және ФКиС-01 тобының студенті Лена Зайнутдинова ән айтып, әндерін орындады: Әлия ана тілінде «Соғады сен деп жүрегім» әнін орындады, ал Лена «Поездар» әнін орындады. Балалар екі орындаушыны бір ауыздан қолдады. ФКиС-01А тобының студенті Айжаров Ерназ регби спортымен айналыса бастағанын айтты. Оны ойынның өзі де, жаттықтырушы, дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы Рябова Инна Александровна да қызықтырды, ол жыл сайын балалармен регби бойынша республикалық және халықаралық жарыстарға шығады және команда жоғары марапаттарға ие болады.

«Құқық» -02 тобының студенті Жабагина Индира өзінің спортқа және туризмге қызығушылығы туралы әңгімелеп, балаларға белсендірек болуға және өз өмірін қызықтыруға кеңес берді.

Іс-шараның атмосферасы жылы әрі шабытты болды, ал студенттер керемет қызығушылық танытты!

Өз жанының бір бөлігін бөліскен барлық қатысушыларға рахмет! Болашақ іс-шараларда жаңа кездесулер мен әсерлерді күтеміз!