Сарсенов Алан 2025 жылдың 10–20 қыркүйек аралығында Абу-Дабиде өткен муайтайдан Әлем чемпионатында Қазақстан намысын абыроймен қорғады.
Алан муайтайдан спорт шеберлігіне кандидат болып табылады. Әлем чемпионатында ол жоғары дайындық деңгейі мен спорттық шеберлігін көрсетіп, қола медальға ие болды.
Сонымен қатар, 2025 жылы Сарсенов Алан муайтайдан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Аланды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және алдағы спорттық жетістіктеріне табыс тілейміз!